Практика қорытындысы

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі 4 курс студенттерінің «Дипломалды практика» іс-тәжірибесі бойынша 4-шк-1 және 4-шк-2 топтарында қорытынды есеп беру конференциясы өткізілді. Бұл топтардың білім алушылары Өскемен қаласының № 20,15,46,35,22 мектептерінде және Риддер қаласы «№ 14 орта мектебі» КММ, Зырян қаласы «№ 9 орта мектебі» КММ, Шемонайха қаласының «№ 5 орта мектебі» КММ, Күршім ауданы  «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ, «Теректібұлақ орта мектебі» КММ,  Зайсан ауданы «Сарытерек орта мектебі» КММ, «Амангелді орта мектебі» КММ, Катон-Қарағай ауданы «Үшбұлақ орта мектебі» КММ мектептерінде іс-тәжірибеден өтті. Білім алушылар сонымен қатар мектептен бірнеше мадақтамалармен марапатталды. Конференцияда білім алушылар өздерінің жетістіктері, болған қиыншылықпен кемшіліктері мен бөлісті. Осы конференцияға әдіскерлермен бірге сырттай бөлімнің  1-шз-1 тобы да қатысып, өздеріне түсініксіз тұстарын нақтылап сұрады.

11111

Қазақ
Image: