«Ұлы Абай мұрасы – халық қазынасы» атты облыстық онлайн байқауы

 

 

2020 жылдың 22 қыркүйегі күні ШҚО Білім басқармасының қолдауымен «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК жылдық жоспарына сәйкес, Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай  Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Ұлы Абай мұрасы – халық қазынасы» атты облыстық онлайн байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген білім алушылар ықыласын арттыру. Данышпан тұлға ұлағатын заманауи тұрғыда жалғастыруға үлес қосу болды.

Құттықтау сөз кезегімен ШҚО ББ ТжКББ бойынша бас маманы Ильясова Гульмира Бейсенбаева облыстық онлайн байқауды ашты.

Онлайн байқау қатысушыларының өнерін бағалайтын әділқазылар алқасы Сейпутанова Айымгуль Камзановна (С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к.), Барбосынова Қарлығаш Түркістановна (С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі) бағалады.

«Абай оқулары» сайысының қатысушылары 4 номинация бойынша сайысқа түсіп келесі жүлделі орындарға ие болды:

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»  - Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу номинациясы бойынша жүлделі орын иеленгендер:

І дәрежелі диплом – Қайранбаева Арайлым,    М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Семей қаласы. Жетекшісі: Нугымарова Л.

ІІ дәрежелі диплом – Қуанышбекқызы Дариға, «Innovative college» мекемесі, Семей қаласы. Жетекшісі: Макаева А.С.

ІІІ дәрежелі диплом – Қарқын Аяулым, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласы. Жетекшісі: Бакетаева Г.Т.

 

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - өз шығармаларын орындау байқауы номинациясы бойынша марапатқа ие болғандар:

І дәрежелі диплом – Рақметоллаева Ақерке, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласы. Жетекшісі: Оқасова Ғ.Т.

ІІ дәрежелі диплом – Сабырбаев Ілияс, Шәкәрім атындағы университетінің КЕАҚ-ның Жоғары агротехникалық колледжі, Семей қаласы. Жетекшісі: Қайырбаева А.М.  

ІІІ дәрежелі диплом – Тілегенқызы Фарида, Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі, Семей қаласы. Жетекшісі: Молдашева С.Т.

 

«Ұлылар ұлағаты» - Абай шығармашылығы туралы эссе жазу номинациясы бойынша мараптақа ие болғандар:

І дәрежелі диплом – Ойратқанова Жанерке, Серебрянск технология колледжі, Серебрянск қаласы. Жетекшісі: Касымова Ф.Ж.

ІІ дәрежелі диплом –

1. Самешова Нарқыз, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласы. Жетекшісі: Даутова Ж.О.

2. Сәрсенова Ұлпан, Шығыс Қазақстан технология колледжі.

ІІІ дәрежелі диплом –

1. Темірханова Аяулым, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласы. Жетекшісі: Кайкенова А.М.

2.Садыкова Альбина, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласы. Жетекшісі: Аймуханбетова Г.А.

3.Әлия Тәңірберген, Радиотехника және байланыс колледжі. Жетекшісі: Айнур Халибековна.

 

«Ұлы Абай әлемінде» - Абай шығармалары негізінде салынған суреттер, қолөнер бұйымдары номинациясы бойынша марапатталғандар:

І дәрежелі диплом – Чернова Василиса, ҚАЕУ колледжі. Жетекшісі: Амангельдина С.А.

ІІ дәрежелі  диплом -  Исюмбаева Дана, Шығыс Қазақстан технология колледжі. Жетекшісі: Шохатова М.К.

ІІІ дәрежелі диплом –

1.Шерстюк Анастасия, ҚАЕУ колледжі. Жетекшісі: Таскинбаева Р.К.

2.Елеусізова Айжан, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласы. Жетекшісі: Рахимова А.С.

«Ұлы Абай мұрасы – халық қазынасы» атты облыстық онлайн байқауының жеңімпаздарын және олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз.