«Қазіргі Абайтануды оқытудың өзекті мәселелері» облыстық семинары

 

 

2020 жылдың 24 қыркүйегі күні сағат 12.00  Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде  қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің  ұйымдастырумен   «Қазіргі Абайтануды оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өтті (жауапты оқытушылар Акимбаева Ж.Н, Бакетаева Г.Т).

Семинардың  мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласындағы  Абай өлеңдері мен қарасөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды деген ойын дәріптей келе, «мектеп – колледж - жоғарғы оқу орны» жүйесінде Абай шығармашылығын оқытудың өзекті мәселелерін көтеру, сабақтастық орнату, Абай шығармашылығын дәріптеу.

ZOOM  платформасында өткізілген онлайн семинарды тарих ғылымдарының кандидаты, колледж директоры Ф.Курманов ашты, аталған  семинарда С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры,  филология ғылымдарының докторы Қартаева Айжан Маратбековна, Глубокое ауданы, «Опытное орта мектебі» КММ  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ғылым магистрі, «Абайтану» бағдарламасының авторы  Абежанова Бигүл Маташовна  өз баяндамаларын жасады. Сонымен қатар, облыстың техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқытушылары қатысып, өз ойларын бөлісіп, жағымды пікірлерін айтты.