Қ. Бітібаева атындағы облыстық қашықтық олимпиада

 

2020 жылдың 20 қарашасы күні «ШҚО КБ орталығы» КММ және «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК жылдық жоспарына сәйкес, Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай  Абай шығармаларын ұлықтаған ұлағатты ұстаз Қ. Бітібаеваның 75 жылдық мерейтойына арналған колледж білім алушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы облыстық қашықтық олимпиадасы өтті. Оған облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 30 білім алушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты Ұлы Абайды ұлт болып ұлық­тап жатқанда хакім­нің мұраларын зерделеп, шығармаларын жас ұрпақтың санасына сіңіруге саналы ғұмырын сарп еткен, абайтану саласына салмақты үлес қосқан Қанипа Омарғалиқызының еңбегін дәріптеп үлгі тұту болды.

 Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазу,  екінші кезең – ауызша,  ZOOM платформасында  өткізілді.

 «ШҚО КБ орталығы» КММ директоры Алима Ақылбекқызы облыстық онлайн олимпиада қатысушыларына сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ, әділқазылар алқасы Сейпутанова Айымгуль Камзановна (С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к.), Ауғанбаева Бақытгүл Омарғалиқызы (Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты директорының инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары), Абежанова Бигүл Маташовна (Глубокое ауданы, «Опытное орта мектебі» КММ  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, филология магистрі, «Абайтану» бағдарламасының авторы) онлайн олимпиада қатысушыларының эссе жұмыстарын тексеріп, ауызша жауаптарын тыңдап, баға беріп отырды.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орынды төмендегі білім алушылар иеленді:

І дәрежелі диплом - Құрманғазы Дильназ  (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі).

ІІ дәрежелі диплом - Оқасқалиев Нұржан, (Тарбағатай колледжі); Шығысбекқызы Жібек, (Өскемен жоғары медициналық колледжі); Занова Нұрай, (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж).

ІІІ дәрежелі диплом - Турсуиханова Айгерим Дамировна (Шығыс Қазақстан технология колледжі); Смотрикина Вероника (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі); Джакамбаева Назерке Думанқызы (Өскемен экономикалық және қаржы колледжі); Ерланова Мөлдір Ерланқызы(Семей Медициналық колледжі); Садыкова Альбина (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі).  Қалған олипиадаға қатысушыларға сертификат берілді.

Қ. Бітібаеваның 75 жылдық мерейтойына арналған колледж білім алушылары арасында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы облыстық қашықтық олимпиада жеңімпаздарын және олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз.